ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы мен технолог маман Назерке Телқозықызы өңірдегі ҚМДБ халал сертификатын иеленген кәсіпорындарға жоспарлы тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында өндіріс орындарындағы халал талаптарының сақталуы, өнімнің дайындалу технологиясы, шикізаттың сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптар және құжаттамалар зерделенді.
Жоспарлы тексерістен төмендегі нысандар өтті:
- «Айша Торт» кондитерлік дүкені;
- «ШОҚ Дөнер» фаст-фуд дүкені;
- «ИП Рахметов» жартылай фабрикат өнімдерін өндіру орны.
Сонымен қатар, «Афсона» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің халал сертификатын сәтті жаңартты.
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі халал сертификатын иеленген кәсіпорындарда шариғат талаптарының тұрақты сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.






