Ұлттық домбыра күні қарсаңында Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен діни бірлестік өкілдері арасында республикалық «Ұлы дала күмбірі» фестивалі өтті.
Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен өнер фестиваліне еліміздің 10 өңірінен және Атырау облысынан 14 қатысушы қатысты. Байқау «Домбыра шеберлігі» және «Ән, терме, жыр орындау шеберлігі» номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Фестивальдің ашылуында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді дәріптеу мен қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
🔹 «Домбыра шеберлігі» номинациясы:
🥇 І орын – Аңсар Ысқақов (Қарағанды облысы) – 500 000 теңге;
🥈 ІІ орын – Темірлан Темирханов (Ақмола облысы) – 300 000 теңге;
🥉 ІІІ орын – Аманат Махметов (Атырау облысы) – 200 000 теңге.
🔹 «Ән, терме, жыр орындау шеберлігі» номинациясы:
🥇 І орын – Ербол Саргелов (Шығыс Қазақстан облысы) – 500 000 теңге;
🥈 ІІ орын – Аманбай Таймов (Қызылорда облысы) – 300 000 теңге;
🥉 ІІІ орын – Арлан Ақаев (Ақмола облысы) – 200 000 теңге.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Фестиваль ұлттық өнерді, рухани құндылықтарды және домбыра мәдениетін насихаттауға бағытталған тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
















