ИМАНҒАЛИ МЕШІТІНДЕ «ОЙЛАН, ТАП!» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Иманғали орталық мешітінде жастардың діни білімін арттыруға бағытталған «Ойлан, тап!» интеллектуалды сайысының кезекті кезеңі ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жарыққа шығарған «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде дайындалған сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Муһәжир» тобы (Исатай ауданы);
🥈 ІІ орын – «Бақтыгерей молла» мешітінің командасы;
🥉 ІІІ орын – «Нәжім» командасы (Қ. Мұңайтпасұлы мешіті).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай интеллектуалды сайыстар жастардың діни сауатын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын терең меңгеруге, сондай-ақ мешіт жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.