«Ықылас» мешітінде жастардың білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған кезекті «Ойлан, тап» интеллектуалдық квиз ойыны өтті.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын — «Мухажир» командасы (Исатай ауданы) — 30 000 теңге
🥈 ІІ орын — «Сәруар» командасы (Орталық мешіт) — 20 000 теңге
🥉 ІІІ орын — «Бақтыгереймолла» командасы (Дамбы мешіті) — 10 000 теңге
Жеңімпаздар арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, «Ойлан, тап» интеллектуалдық ойыны жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың логикалық ойлау қабілеті мен таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған.




