Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Индер ауданындағы «Әйіп қажы» мешітінде жұма намазына қатысып, жамағатқа жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбына арналды. Уағыз барысында қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы, мұсылман адамның отбасында, қоғамда және күнделікті өмірде белгіленген тәртіпке құрметпен қарауы сөз болды.
Сондай-ақ, тәртіптің адам өміріндегі орны, уақытты бағалау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және қоғамдық тұрақтылықты сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі жөнінде насихат айтылды.
Жұма намазынан кейін бас имам жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасады


