Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Индер ауданында өткен Мәуліт шарасына қатысып, жамағатпен жүздесті.
Рухани шара барысында Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған тағылымы кеңінен сөз болды. Жиынға аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін дәріптеу, ізгі амал жасау және қоғамдағы өзара сыйластықты арттыру жөнінде насихат айтылды.
Бас имам өз сөзінде Мәуліт айының рухани мәніне тоқталып, мұсылман баласын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезін үлгі етуге, отбасы мен қоғамға пайдасы тиетін ізгі істер жасауға шақырды.
Шара барысында Құран аяттары оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, тағылымды уағыз-насихат жүргізілді.


