Жылыой аудандық мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі мен көркем мінезін насихаттауға арналған Мәуліт шарасы өтті.
Шара барысында Мәуліт оқылып, марқұмдарға Құран бағышталып, дұға жасалды. Жиында ауданның бас имамы Думан Мұратұлы сөз сөйлеп, жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ өмірі мен өнегесі жайында тағылымды насихат айтты.
Сондай-ақ мешіт имамдары ардақты Елшінің ﷺ өмір жолынан ғибратты әңгімелер айтып, жамағатқа тақырыпқа қатысты викториналық сұрақтар қойды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталды.
Рухани шараның мақсаты – жамағатқа Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін кеңінен таныстырып, оның көркем мінезі мен сүннетін насихаттау, сондай-ақ жамағаттың діни білімін арттыру.








