Атырау облысында аудан және ауыл мешіттерінің имамдарына арналған Құран курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында ҚМДБ Құран секторының өңірдегі жауапты ұстазы, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Еркебұлан Сержанұлы аудандарға арнайы барып, шалғай елді мекендердегі имамдармен кездесу өткізді. Жиындарда имамдардың Құран іліміндегі білімін жетілдіруге, Құранды дұрыс оқу ережелерін меңгеруіне және тәжірибесін шыңдауға басымдық берілді.
Арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында қатысушылардың білімі сараланып, Құран оқу деңгейлері тексерілді. Курсты жоғары нәтижемен аяқтаған имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған Құран курсы қала және аудан бас имамдарына да ұйымдастырылып, олар өз білімдерін жетілдіріп, Құран ілімін меңгеру деңгейлерін арттырған болатын. Бұл бастама өңірдегі имамдардың діни білімін жүйелі түрде жетілдіруге бағытталған.














