Атырау қаласында Мәуліт айының құрметіне «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен «Мәуліт сыйы» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен 161 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Шарада Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, Мәуліт айының мәні мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ жамағатты қайырымдылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және Пайғамбарымыздың ﷺ ізгі өнегесін өмірде үлгі етуге шақырды.
Қайырымдылық акциясы аясында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған.















