Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Жылыой аудандық мешітінде Мәуліт айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Думан Мұратұлы әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыларды Мәуліт айымен құттықтады. Бас имам отбасыларға амандық, береке-бірлік, дендеріне саулық және әр шаңыраққа жақсылық тіледі.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы өзара көмек пен мейірімділікті арттыру.


