ПАРАСАТ МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Еркін күрестен ардагерлер арасында өткен «Волник Клуб Лига» ашық біріншілігінде «Парасат» мешітінің ұстазы Дәурен Арапбек 65 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, ІІ орын иеленді.

Жарыста шеберлігі мен спорттық дайындығын жоғары деңгейде көрсеткен мешіт ұстазы үздіктер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, Дәурен Арапбек өнер көрсеткен команда жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.

Мешіт ұстазын жүлделі жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жеңіс пен толағай табыс тілейміз!