«Сәруәр» командасы қазақша куиз сайысында ІІ орын иегері атанды

Қала жастары арасында тұрақты түрде өткізіліп тұратын қазақша куиз сайысында білім мен тапқырлық сынға түсті. Зияткерлік жарыста қатысушылар өздерінің жан-жақты білімін, логикалық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Сәруәр» командасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Команда мүшелері тартысты дода барысында ұйымшылдық пен сергек ойлау қабілетін танытып, көрермендер мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда да биік жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз.