Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «QUIZ» білім сайысы өтті.
Сайысқа қоғам белсенділері, мұғалімдер, студенттер, оқушылар, жастар және мешіт жамағатынан құралған 15 команда қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Жылыой мешітінің «J-IQ» тобы — 70 000 теңге;
🥈 ІІ орын – Шоқпартоғай ауылының «Көз тимесін» тобы — 50 000 теңге;
🥉 ІІІ орын – Исатай ауданының «Муһажир» тобы.
Шара соңында Жылыой аудандық мешітінің бас имамы Думан Мұратұлы жеңімпаздарды арнайы марапаттап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Алла Тағала барша қатысушыларға ілім мен ізденісте береке нәсіп етсін!







