Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Атырау-Рауан» қоғамдық қоры ұйымдастырған ауқымды интеллектуалды Quiz сайысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының өңірдегі өкілдерінен құралған «Сәруар» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Білім мен логиканы, жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін сайысқа өңірдің белсенді жастары қатысып, түрлі бағыттағы сұрақтар бойынша бақ сынады. Тартысты өткен додада «Сәруар» командасы ұйымшылдық пен білім деңгейін көрсетіп, қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл жетістік – жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар, өңірдегі дін қызметкерлері мен белсенді жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, білім мен парасатты насихаттауға қосып жүрген үлесінің айқын көрінісі болды.
Жеңімпаз команданы құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!













