Балаларды қорғау күніне орай Жылыой ауданының бас имамы Думан Мұратұлы Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында есепте тұрған ерекше балаларды арнайы құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
Игі шара барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, олардың көңіл күйін көтеруге бағытталған шағын мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Бас имам өз сөзінде балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Шара соңында ерекше балаларға сыйлықтар беріліп, олардың жүздеріне қуаныш ұялатты.






