ҚҰЛСАРЫДА ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫ БАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша өкілі Назарбай Базарқұлұлы жұмыс сапарымен Жылыой ауданының Құлсары қаласына барды.

Іссапар барысында өңірдегі «Халал Даму» сертификатына ие кәсіпорындардың жұмысына жоспарлы бақылау-тексеру жүргізілді. Атап айтқанда, «Асма» ет дүкені мен «МАКО» ет және шұжық өнімдерін өндіретін өндірістік цехтың халал талаптарын сақтау деңгейі зерделеніп, өндіріс барысы мен өнімдердің стандарттарға сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы «Doner na Abaya Fast Food» қоғамдық тамақтану орны «Халал Даму» сертификатын алып, халал стандарттарына сай қызмет көрсетуге рұқсат алды.

Тексеру барысында кәсіпкерлерге халал өндіріс талаптарын қатаң сақтау, шикізаттың сапасы мен тазалығына ерекше мән беру және тұтынушылардың сенімін ақтау бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.