amin.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттерді қатаң санитарлық режимге көшіруді тапсырған болатын.
Қазіргі таңда Атырау облысындағы барлық мешіттерге санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп отыр. Осындай кешенді дезинфекциялық жұмыстар Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде және Жылыой ауданындағы Майкөмген мешітінде жасалды.
Еске сала кетелік, пандемия қаупінің күшеюіне байланысты, 30 наурыздан бастап Атырау қаласында карантин жарияланды. Әзірге белгілісі, карантин 15 сәуірге дейін жалғасады. Кешегі күннен бастап Атырау мешіттерінің қызметкерлері онлайн жұмыс форматына көшті.
Бүгінгі таңда Атырауда жұқпалы дертке шалдыққан 13 науқас ем алып жатыр. Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 400 адамның науқастармен байланыста болғаны анықталып отыр.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.