Атыраудың орталық мешітінде репрессия құрбандарына дұға бағышталды

amin.kz/ 31 мамыр, 2020 жыл. Бүгін Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде, сонымен бірге, облысқа қарасты барлық мешіттерде репрессия және ашаршылық құрбандарының рухына дұға бағышталды.

«Талай нәубет заманды бастан өткерген халқымыз тарих салған жараны ұмытпайды. Ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргін құрбандарына мәңгілік тағзым етеміз. Жас ұрпақ өткен күндер елесін ұмытпайды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.