Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Маңғыстау облысына қарасты, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы арнайы сапармен Атырауға келді.
Сапар аясында ұстаз Юнус Қадырқұлұлы орталық «Иманғали» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу аясында Алланың нығметі, туыс-туған мен мұсылман арасындағы бауырмашылдық тақырыптарында насихат айтты.
«Бауырмашылдық – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы нығметі иманнан кейінгі қасиетті ұғым. Алла Тағала Құран Кәрімде:
Кезінде бір-біріңе бітпес дұшпан едіңдер, ал бүгін, Алла тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп Оның баға жетпес нығметінің арқасында бір-біріңе бауыр болдыңдар« дейді.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады», деген.
Сондықтан, қоғам алдындағы міндетіміз – ізгілікті насихат ету. Бойымызға жақсылық қасиеттерді көбірек дарытсақ, несібеміз де мол болады» деп атап өтті ұстаз Юнус Қадырқұлұлы.
РАНТ мүшесінің сапары екі күнге Мақат, Жылыой аудандарында жалғасады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.