Атырау облысына арнайы сапармен келген РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзембаев «Иманғали» орталық мешітінде және қалалық «Әт-Тақуа» мешітінде болып жамағатпен жүздесті.
Кездесуде Жүрек тазалығы, Хадис ілімдерінің түсіндірмесі тақырыбында насихат айтты.
Ихсан ілімі аясында өрбіген пікір алмасуда жамағат көкейде жүрген сауалдарын қойып жауап алды.
Одан бөлек РАНТ мүшесі «Иманғали» орталық мешіті жанындағы студияда сұхбат берді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.