Атырау қаласында орналасқан бірнеше дәмхана «ҚМДБ Халал» сертификатын алды.
Олардың қатарында «Ланжоу Атырау» , «Мевлана» және «Бір жерде» дәмханалары бар.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш нысандардың 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері», 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықталды» дейді «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы.
Сертификаттар дәмхана иелеріне орталық «Иманғали» мешітінде табысталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификаты 04.03.2022 жылға дейін жарамды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.