Атыраулық дін мамандары «Жусан» операциясымен оралған бүлдіршінмен кездесті (+ ВИДЕО)

Атыраулық дін саласының жетекшілері «Жусан» операциясымен елге оралған бүлдіршін Яхияның жағдайын сұрап барды.

Яхия Қалыбай 7 жаста. Ата-анасы оны Сирия даласына 2 жасында алып кеткен

Соғыс даласында аяғынан жарақат алған Яхияға Атырауда ота жасалып, бүлдіршін ауруханадан шықты.

Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы өкілдері ата-әжесімен бірге тұрып жатқан Яхияның отадан кейінгі жағдайын біліп, оған сыйлықтар, спорттық киім тарту етті.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.