Атырау облысы өкілдігі жанындағы әйел-қыздар секторы мен мешіт жанындағы «Асыл әжелер» қауымдастығы «Қарттар үйін» зиярат етті.
Қамкөңіл жандарға демеу білдіру мақсатында сыйлықтар табыстап, рухани дастархан жайылды.
«Қазақ халқы үшін қай заманнан бері құрметтің де, сый-сияпаттың да қомақтысы – кешегі ата-ана, бүгінгі қарияларға арналған. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген де керемет сөз бар. Біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға рухани қолдау көрсетіп, олардың қоғамда жалғыз емес екендігін сезіндіру болды» дейді ұйымдастырушылар.
Қарттар үйінің әкімшілігі мешіт жанашырларына ризашылықтарын білдірді.