amin.kz/ 11 шілде, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
Бірақ, сауда үйлерінің қызметіне тыйым салынды. Ал, азық-түлік емес дүкендер «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істей алады.
«Жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, қоғамдық тамақтану орындары, кафе, мейрамханалар «жеткізу» қызметі арқылы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс атқара алады.
Назарларыңызға қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі
«Атырау облысы аумағында коронавирустық
инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету
бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы»
№ 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасын және 148-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық Rt репродуктивті орташа санының жоғары өсуіне, сондай-ақ Атырау қаласында бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың 7,5% – дан астам өсуін ескере отырып, Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын
алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
8) жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;
2-тармақтың 16) тармақшасы, мынадай редакцияда жазылсын:
16) азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін.;
2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
21) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат ету;
2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын::
22) қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін.;
2-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
24) ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне тыйым салу;
2-тармаққа 1.1.) тармақшасы қосылып, мынадай редакцияда жазылсын:
Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын.
2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
25) бизнес орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалары) қызметіне тыйым салынсын;
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы қаулы 2020 жылдың 11 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Жұмағалиев