amin.kz/ 11 қыркүйек, 2020 жыл. Осылайша, «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы Атырау мешіттері 235 баланы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде 50 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелер сыйға тартылды.
«Акция аясында негізінен әлеуметтік жағдайы төмен және «Жусан» операциясы арқылы елге оралған отбасылардың балалары қамтылып отыр. Биылғы жылы облыс мешіттері «Мектепке жол» акциясына 3 млн 600 мың теңге жұмсап отыр.
Біз балаларымыздың білім алуына жағдай жасауды жалғастырамыз. Баршамызға Алла разы болсын. Бұл бірлескен істің нәтижесі» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, жақында ғана орталық «Иманғали» мешітінде 40 балаға планшет тапсырылған болатын.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.