Тәуелсіздік күніне орай, елордадан жеткен марапатты Бас имамға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова табыс етті.
«Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда және еліміздің қоғамдық өмірінде көрсеткен белсенділігіңіз үшін алғыс білдіремін» делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтан жеткен хатта.
Бұл күні облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова дін, мәдениет саласында еселі еңбек етіп жүрген бір топ атыраулыққа құттықтау хаттарын табыс етті.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.