Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 33 мешіт салынды (+ ВИДЕО)

Бұл туралы атыраулықтарды ұлық мерекемен құттықтаған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы видео үндеуінде айтты.

«Біз тәуелсіздігімізді алу арқылы, тілімізді, дінімізді, ділімізді жандандырдық.

Тәуелсіздік елең-алаңында Атырауда бір ғана мешіт болған болса, егемендік жылдары 33 мешітке толығып, 90 діни қызметкер ел игілігі үшін еңбек етуде. Мұның барлығы Тәуелсіздігімізбен келген құндылық.

Елімізде тыныштық болсын! Алла Тағала Тәуелсіздік үшін атқарып жатқан еңбектерімізді сауаптан жазсын» делінген видеоқұттықтауда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.