Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Доссор мешітіне білікті ұстаздар тартуды тапсырды

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына қарасты Доссор мешітінің имамы Елдос Оташбаевты қабылдау барысында айтты.

Қабылдау барысында Доссор мешітіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, ішкі мәселелер, жалпы, Доссор елдімекеніндегі діни ахуал мәселесі талқыланды.

Қазіргі таңда Доссор мұсылмандар мешітінде имам, азаншы және есепші еңбек етуде. Мешітте қызметкерлерге жалақы төлеу мәселесі өте күрделі.

Бас имам қабылдау барысында жат ағым өкілдерімен жұмыстың өте баяу екендігін атап өтті. «Доссорда жат ағым өкілдері бар. Сондықтан, мешітке білікті ұстаз, мамандар тарту мәселесін шешу керек. Және мешіттің ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстарымен айналысуды, әлеуметтік желілердегі онлайн насихат жұмыстарын жетілдіруді тапсырамын» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.