amin.kz/ 6 мамыр, 2020 жыл. Мүфтият каналының инстаграм парақшасына берген сұхбатында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кешірімділік туралы айтты.
«Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы.
Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай» деп атап өтті сұхбатында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.