Бас имам Атырауда салынып жатқан медресе құрылысымен танысты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жұлдыз ықшамауданында салынып жатқан медресе құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда ғимараттың төртінші қабаты тұрғызылып жатыр.

Медреседе діни және заманауи білім беріледі деп күтілуде. Сонымен бірге, шәкірттердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалады.

Медресе сапалы діни кадрлар дайындайтын ірі рухани әрі білім орталығына айналады деп күтілуде.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.