Бас имам Атырауда салынып жатқан қайырымдылық мекемесінің құрылысын барлап шықты

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау селолық округінде салынып жатқан Қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты.

Қазіргі уақытта мекеме құрылысы 90 пайызға аяқталып тұр. Атырау селолық Бақтыгерей молла мешіті жанынан салынып жатқан Қайырымдылық мекемесі толық қолданысқа берілген жағдайда 100 шәкіртке қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Бұл жерде Құран оқу, сауат ашу, діни, рухани ағарту саласында білім беріледі, шәкірттер заманауи орталықта алаңсыз оқуы үшін, арнайы жатақхана болады деп күтілуде. Сонымен бірге, бір мезгілде 100 адамға қызмет көрсететін асхана салынып жатыр. Ең басты жаңалық сол, Қайырымдылық мекемесінде Нұр-Мүбәрәк университетіне оқуға түскісі келетін шәкірттер алдын-ала дайындалатын болады.

Бас имам құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтауға, ұйымдастыру жұмыстарын кешенді жүргізуге тапсырма берді.