Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы өңірге белгілі ардагер мұнайшы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсым Ізбасовпен кездесті.
Кездесуде қоғамдағы діннің орны, жастарға тәрбие беру мәселесі төңірегінде пікір алмасты.
«Қазіргі таңда діни басқарма жанында өзіңіз сияқты зиялы адамдардан құрылған арнайы ақсақалдар кеңесі жұмыс жасайды. Бізде үнемі жасы үлкен аға буын өкілдерімен тығыз қарым-қатынастамыз. Жастар арасындағы әр түрлі түйіткілдерді шешуде сіздердің кеңестеріңізге әрқашан құлақ түреміз. Сіздің қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде көптеген игі істерде бастамашы болып жүргеніңізді білеміз. Алдағы уақытта да рухани саладағы байланысымыз нығая беретін болады,-деді Бас имам.
Еңбее ардагері Мақсым Шафихұлы өңір үшін өзекті саналатын кез-келген мәселе Қоғамдық кеңес назарынан тыс қалмайтынын, діни-рухани салада да имамдармен бірлесе атқаратын жұмыс көп екендігін айта келе, Болатбек Ұласқанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Кездесуде бас имам мүфтият баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын тарту етті.
