БАС ИМАМ ИХСАН МЕШІТІНЕ БАРДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Атырау қаласындағы «Ихсан» мешітіне арнайы барып, мешіттің діни-ағарту бағытындағы жұмыстары мен жамағаттың жағдайымен танысты.

Болатбек Ұласқанұлы мешіттің ішкі ахуалын қарап, діни қызметкерлердің жұмысымен, жамағатқа көрсетіліп жатқан қызмет сапасымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Болатбек Ұласқанұлы имамдарға Ислам дінінің негіздеріне сай қызмет етуді, жамағатпен тығыз байланыста болуды, жастарға дұрыс діни тәрбие беруді тапсырды.

Жергілікті жамағатпен кездескен бас имам оларға Исламдағы ихсан ұғымының маңыздылығын түсіндіріп, тақуалық пен ізгілікті насихаттады. Кезесу соңында мешітте тұрақты өтіп жатқан сира дәрісінің жеңімпаздарын марапаттап, еселік сыйлықтар табыстады.