Алтынбек Ұтысханұлы Исатай ауданының бас имамын қабылдады

Қабылдау барысында Бас имам әлеуметтік желілердегі жұмысты, жат ағымдармен күресті күшейтуді тапсырды.

«Сонымен бірге, аудан орталығындағы және Хамит Ерғалиев ауылындағы мешіттерде күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтау керек. Таһаратханалардың заман талабына сай болуы да маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Исатай ауданында қазіргі таңда екі мешіт жұмыс істеп тұр. Оның біреуі аудан орталығында, екінші Хамит Ерғалиев ауылында орналасқан.

Исатай ауданында барлығы тоғыз дін қызметкері бар. Олардың қатарында имам, ұстаз, әйел ұстаз, кезекші, есепші еңбек етуде. Жалақы 36-46 мың теңге аралығында.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.