Бас имам «Мәулімберген» мешітінде салынып жатқан дәретхана құрылысының қазығын қақты

amin.kz/ 4 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Мәулімберген» мешіті жанынан салынып басталған дәретхананың қазығын қақты.

Қазіргі уақытта Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде жалғама ғимарат құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Жалғама құрылыс тағы да 300 адамның мешітте құлшылық жасауына мүмкіндік береді. Ал, дәретхана құрылысы заманауи талаптарға толықтай жауап беретін болады. Бұл дәретхана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы мерейлі датасының аясында салынып жатыр.

Бұған дейін де айтып жүргеніміздей, дәрет – намаздың кілті. Демек, мешіттеріміздегі дәрет алатын орындарымыз да көркем, таза болуы керек» деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіттің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.