БАС ИМАМ НАМАЗХАНАҒА БАРДЫ

БАС ИМАМ НАМАЗХАНАҒА БАРДЫ

Өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қала ішінде орналасқан “Дина” сауда орталығындағы намазханаға арнайы барып, оның тыныс-тіршілігімен танысты.

Бас имам жамағатпен кездесіп, намазхананың ішкі жағдайын, тазалығы мен жүйелі жұмысын көзбен көріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Намазхананың жауапты өкілі Мұнархан Әлімов қаладағы үлкен сауда орталығында орналасқан намазхана құлшылық өтеушілердің маңызды орны екенін және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Кездесу аясында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттыру бағытында жоспарлар сөз болды. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар да талқыланды.

Бас имам аталған намазхананың жұмысын оң бағалап, жамағатты бірлік пен тәртіпке шақырды.