Бас имамның шалғай ауылдарға сапары қалай өтті? (+ ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Исатай және Құрманғазы аудандарына іс сапармен барды.

Сапар аясында Бас имам Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев, Жанбай ауылдарына, Құрманғазы ауданына қарасты Балқұдық, Сүйіндік ауылдарына барып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Өңірдегі діни ахуал, кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі, жалпы, тәлім – тәрбие жайы талқыланған кездесулер жұртшылыққа рухани қуат сыйлады.

Сапар аясында аталған ауылдардағы емдеу мекемелеріне оттегі аппараттары тапсырылды.

Еске сала кетелік, жуық арада Исатай ауданындағы Жанбай ауылында мешіт салынады деп күтілуде.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.