Бас мүфти бір топ атыраулыққа алғыс жариялады

amin.kz/ 10 қыркүйек, 2020 жыл. Алғыс алғандардың арасында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің қызметкерлері, еріктілер, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер де бар.

«Биыл еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, құрбан рәсімі Qurban2020.kz жобасы аясында қашықтықтан жүзеге асты. Облыс имамдары өздеріңіздің қолдауларыңызбен мұқтаж отбасыларға құрбандық етін таратты. Сонымен қатар, қарттар, балалар үйлері мен ауруханаға жеткізілді. Осынау ұйымдастыру жұмысына жанашырлық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.

Марапат иелеріне «Алғыс хатты» Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы тапсырды.

Марапат иелерінің қатарында орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мақсат Алпысбаев, Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров, «Иманғали» мешітінің қызметкері Қайрат Тантаев, ұстаз Ерболат Боханов, орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-хатшысы Баян Жанұзақова бар.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.