Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған сапарында 8 отбасыға баспана кілтін табыстады.
5 пәтер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға сыйға берілсе, нәтижелі жұмыс істеп жүрген 3 дін қызметкеріне қызметтік пәтер берілді.
Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның биылғы жұмыс бағытының бірі қайырымдылық екенін айта келіп, баспаналы болған отбасыларды қонысымен құттықтады.
«Алла Тағала жаңа үйлеріңізге жақсылығын жаудырсын. Жаратушы Иеміз шаңырақтарыңыздың ішін жанға, сыртын малға толтырсын!» деген тілек айтты. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы аталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырған азаматтар мен жомарт жандарға алғысын айтты.
Айта кетейік, бұл баспаналар – ҚМДБ «Зекет және қайрыымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп отырған 562, 563, 564, 565, 566, 567, 568, 569, 570-үйлер.