Бас мүфти мемлекет қайраткері Амангелді Айталының отбасына көңіл айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Амангелді Айталының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Амангелді Айталының қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, бүкіл қазақ еліне көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей.

Жаны жәннатта болғай. Ол ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде көптеген игі істерге ұйытқы болды. Жаратушы Иеміз ағамыздың ізгі амалдарына мол сауаптан жазғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.