Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай елордада өтіп жатқан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқау аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ұлы дала Құрандары» атты Құран көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені алғашқы болып ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тамашалады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Бас мүфтиге қариларға арналған көрмеге қойылған Құран кітаптарымен таныстырып өтті.
Көрмеге әр жылдары басылып шыққан Құран Кәрімнің қазақша аудармалары, тәпсір кітаптары, 1910 жылы жарық көрген араб тіліндегі Құран кітабы, тәжуид қолжазбалары қойылған.