Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына Құрбан айт мерекесіне орай арнайы сұхбат берді.
Сұхбатта Құрбан шалудың әдептері мен шарттары, Діни басқарманың қайырымдылық бағыттағы жұмыстары, айтты тойлаудың мәдениеті, мереке күндері атқарылатын абзал амалдар, т.б. жайттар сөз болды.
Сонымен қатар, Бас мүфти кәсіпкерлер мен ел азаматтарын Құрбан айт күні мал бағасын шарықтатып жібермеуге шақырды.
«Айт күні Аллаға ұнамды әрбір қайырлы іске мол сауап жазылады. Ел азаматтарын, кәсіпкерлерді құрбандық малын халыққа қолайлы бағамен сатуға шақырамын» деп атап өтті Бас мүфти.