Батыржан Мансұров «Халық алғысын» алды

Бүгін дін саласының қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Халық алғысы» медалін иеленді.

Мәртебелі марапат бүгін елордада өткен республикалық имамдар форумы аясында табысталды.

Пандемия кезінде қайырымдылық, ізгілік бағытындағы шаралардың басы-қасында жүрген Батыржан Мансұров уағыз-насихаттардың онлайн форматта өтуіне ықпал етті.

Еске сала кетелік, бүгін елордада форум өтті.

Форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттар қабылдау.

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.