Базарлық: Жұлдыз мешіті 350 балаға балмұздақ таратты

amin.kz/ 4 тамыз, 2020 жыл. Бүлдіршіндерге базарлықты Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ауылында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт үлестірді.

«Сыйлық – адамның нәпсісіне жағатын нәрсе. Сондай-ақ, сыйлық беру – сүннетте де аса жоғары құпталатын рәсім, құлшылық. Балалар – өміріміздің жалғасы. Сондықтан, оларды қуантып жүруге тырысуымыз керек» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің имамы Айтжан Абдиров.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне 120 балаға айттық сыйлықтарын таратқан еді.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.