amin.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Отандық дәрігерлердің видео үндеуін Қазақстанда коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған жедел штаб телеграм каналында таратты.
Видео үндеуде дәрігерлер карантин талаптарын сақтап, үйде отырудың маңызын айтқан. Және күллі планетаға тарап жатқан вирустың қауіпті екендігін еске салады.
Айта кетелік, 16 наурыздан бастап елімізде Президент Жарлығымен төтенше жағдай жарияланды. Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесін жинап, еліміз бойынша мешіттерде жұма намазын оқуды уақытша тоқтату туралы пәтуа бекітілді.
Қазіргі уақытта әлемдегі көптеген мұсылман мемлекеттерде жұма намазын оқу уақытша тоқтатылды. Ондағы мақсат індеттің тарап кету қаупінен сақтану.
Бүгінгі таңда елорда, Алматы және Атырау қалалары карантин жағдайында.
Үйде бол! Амандыққа үлес қос! Біз біргеміз!
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.