«Бейбітшілікті сақтау – басты міндет» дейді ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс мешітінің жамағатымен кездесті.

Денсаулықтың қадірін білу, бейбітшілікті сақтау тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы исламның мақсаты – ынтымақ екенін айтты.

«Араб тіліненен алынған «Ислам» сөзі – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағыналарды білдіреді. Яғни, ислам – амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне мейірімділікті жайып, бейбітшілік орнату үшін жіберілген.

 Құранда бұл турасында:

 «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» – делінген.

 Құранда бейбітшілік деген мағынаны білдіретін «сәлам» сөзі көптеген аяттарда кездеседі. Өйткені, Құран ең алдымен ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттайды» деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.