Қабылбек Әліпбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласы мамандарымен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында, белгілі ұстаз, дін саласының маманы Қабылбек Әліпбайұлы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде кездесу өткізді.

Кездесуде өз ісінің маманы болу, адал қызмет ету, елдің дамуына үлес қосу тақырыбында насихат айтылды.

«Өмірге келген әр адамның өзіндік миссиясы бар. Басты миссия – адам деген атқа лайық болып өту. Білім алу, білімді ел игілігіне жарату да – мұсылманның парызы. Әр адам отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсініп, лайықты қызмет атқаруы керек» деген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы сала мамандары қойған сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.