Елімізге белгілі ғалым, ұстаз Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышханұлы Атырау облысына сапары аясында орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған студияда болып, сұхбат берді.
Дін саласында етене жұмыс жасап келе жатқан мамандардың біліктілігін арттыру бағытында дәріс өткізген спикер діни және ұлттық құндылықтардың насихатталуы турасында өз ойын айтты.
«Біз заманауи технология мен еңбек құралдарын батыстан алсақ, ілім мен өнерді, мәдениетті шығыс өркениетінен алуымыз керек. Біздің бабаларымыз шығыс өркениетінің шамшырақтары»,- деп атап өтті ғалым Кеңшілік Тышханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.