Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы Жылыой жамағатымен кездесіп, нәпсімен күрес тақырыбында насихат айтты.
«Нәпсіні ешкім өлтіре алмайды, оны тәрбиелейді. Нәпсімен күресудің ең төте жолы – күн сайын өзін есепке тартып отыру. Хазіреті Омар (р.а.): «Есеп алынбай тұрып, өзіңе-өзің есеп бер», – деп өнегелі сөз қалдырған.
Сондықтан адам болып жаратылудағы мақсат – Аллаға құлдық екенін ұмытпай, сол жолда өз-өзіңе мықты бақылау механизмін орнату қажет.
Алла Тағала былай дейді:
«Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды» («Шәмс» сүресі, 9,10-аяттар).
Нәпсісін иман сүзгісімен тазартпайтын адам жамандықтан құтыла алмайды. Әрбір жаман істің артын күнәлі іс күтіп тұрады. Демек, нәпсісін үнемі тақуалықпен тәрбиелейтін кісі ғана жаны мен тәніне кір жұқтырмайды» деп атап өтті ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.