Құрманғазы ауданындық Темірәлі мешітінде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына өңірдің бас имамы Болатбек Абу қатысып, игі бастамаға қолдау білдірді.
Шара аясында мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналарға азық-түлік үлестірілді. Бас имам шара барысында жиналған жамағатқа үндеу жасап, қайырымдылық – Ислам дінінің басты ұстанымдарының бірі екенін атап өтті.
“Жақсылық жасаудан жалықпайық. Қайырымдылық – мұқтажға көмек қана емес, қоғамға мейірім мен бірлік ұялататын ізгі амал. Осындай шаралар арқылы ел ішіндегі ауызбіршілік нығая түседі,” – деді бас имам өз сөзінде.
Игі шара жергілікті мешіт ұжымы мен еріктілердің бірлесуімен ұйымдастырылып, жалпы саны 50 адамға көмек көрсетілді.




